20 маусым 2023 14:09

Қазақстанда бір ғана жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қалады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта форматталады. Енді бұл автобус сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болмақ.

"Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгенің барлығы игерілді. Жыл басынан бері алдымызда осы қаржыны одан әрі дамыту, игеру міндеті тұр. Бірінші кезектегі қажеттіліктерді зерделеу міндеті тұрды. Өңірлерді аралағанда, көбінесе автобустармен жабдықтау мәселесі көтерілді. Бүгінде қалалардағы автобустардың 46 пайызы ескірген. Жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізіп, қажеттіліктерді жинадық. Бүгін 2000 автобусқа тапсырыс бердік. Олардың тең жартысы Алматы қаласының әкімдігінен келген, мұнда тапшылық (автобустар -еск.) жоғары", ​​- деді Оспанов.

Вице-министр Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берудің екі бағдарламасы бар екенін еске салды. Тек біреуі қайта форматталады.

"Бізде автокөлікті несиелендірудің екі бағдарламасы бар. Бірінші бағдарлама - Қазақстанның Даму банкі арқылы, екіншісі - Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ӨКМ қаржысы есебінен. Дәл қазір ол қайта форматталады, қаражат аймақтарға автобустарды несиелендіруге бағытталды. Ал Қазақстанның Даму банкі аясындағы бағдарлама өзгеріссіз қалды", - деді вице-министр.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта пішімдеу себептеріне тоқталған Ілияс Оспанов министрліктің алдында бөлінген қаржыдан барынша тиімді пайдалану міндеті тұрғанын қайталады.

"Ақша бар, бірақ ол аз. Барлығына жетпейді. Біздің міндетіміз одан максимал пайда (бағдарлама. - екс.) алу болды. Бұл жағдайда тиімділік - қамтамасыз ету қажет. Пайда - 9,2 миллион адам жоғары сапалы автобустармен қатынайды", - деп түсіндірді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети