11 қазан 2021 15:31

Қазақстанда бір грамм синтетикалық есірткі сатқандар қылмыстық жауапқа тартылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстанда тыйым салынған есірткілер тізіміне кең таралған тағы 11 синтетикалық есірткі қосылды. Енді сатылған бір грамм есірткі үшін қылмыстық жаза көзделеді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Берікхан Нұрғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақын арада Үкімет қаулысы күшіне енеді, онда синтетикалық есірткінің тағы 11 түрі мен 17 прекурсордың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ең көп тараған есірткі үшін бас бостандығынан айыра алатын салмақ мөлшері азаяды. Енді "скорость, мефедрон немесе меф" деп аталатын "пиралеронның" және синтетикалық каннабиноидтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік, бұрынғыдай 50 грамнан емес, бір грамнан басталады", - деді Нұрғалиев ІІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол ІІМ Сенат депутаттарымен бірлесіп, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікке тартатын заң жобасын әзірлеуге кіріскенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети