Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер бүгін, 24 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер бүгін, 24 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда кешке найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с болады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с болады.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer