1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады? 15 қаңтар 2021, 13:25

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда демалыста күн жылы болады. Елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғары болады, - деп хабарлайды
© elements.envato.com © elements.envato.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда демалыста күн жылы болады. Елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, 16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігіне Жерорта теңізі циклоны әсер етеді. 

"Ауа райы тұрақсыз болады - кей жерлерде жауын болады: батыста қар аралас жаңбыр, солтүстікте қар және кей жерлерде жел күшейіп, қар жауып, ауа температурасы жоғарылайды", - делінген хабарламада. 

Батыста кей жерлерде көктайғақ болады. Қазақстанның өзге өңірлерінде жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін. 

Еске салайық, 15 қаңтарда еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!