Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды © elements.envato.com

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, ескерту жел, тұман және көк тайғақтың әсерінен жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


15 қаңтарда Атырау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-шығыс, шығыстан жел секундына 15-20 метр болады. Атырауда 15 қаңтарда түнде оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман, көк тайғақ және бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метр. Оралда 15 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанды.

15-16 қаңтарда Қарағанды ​​облысында тұманға байланысты ескерту жарияланды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20, 23 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, ал күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Қызылордада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Тұманға байланысты Солтүстік Қазақстан облысында да ескерту жарияланды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 16 қаңтарда жел екпіні секундына 23-28 метр болады. Таразда 15-17 қаңтарда тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +35
Астана +33
Ақтау +28
Ақтөбе +29
Атырау +33
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +37
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +29
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +36
Т
Талдықорған +37
Тараз +40
Түркістан +25
О
Орал +29
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер