Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото: elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондары бірігіп, республика аумағында ауа райы тұрақсыз сипатта сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

"Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35 градусқа дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30 градусқа дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33 градусқа дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35 градусқа дейін аптап болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course down  582.69  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети