21 қыркүйек 2021 17:52

Қазақстанда дрон иелеріне жаңа талаптар енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда дрон иелеріне жаңа талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда дрон иелеріне жаңа талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтық авиация саласындағы заңнамаға мынадай өзгерістер ұсынылады: ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану процесін реттеу жөніндегі норманы енгізу: сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдалану аймақтарын айқындау. Сондай-ақ, "ұшқышсыз авиациялық жүйе" және "ұшқышсыз әуе кемесі" ұғымдары енгізіліп отыр", - деді Камалиев Мәжілісте көлік мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасының таныстырылымында.

"Жасыратыны жоқ, бүгінде дронды кез келген сауда орталығынан сатып алуға болады. Бірақ сатып алған жеке тұлғалар заңды түрде реттеледі ме, әсіресе осы заң жобасында?" - деп сұрады депутат Альберт Рау

Қамалиев жеке тұлғалардың дрондарды қолдануын реттеу туралы мәселе ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі және ІІМ өкілдерімен бірнеше рет талқыланғанын айтты.

"Біздің азаматтар ғана емес, елдегі өңірлер аумағында шетелдік тұлғалар дрон пайдаланып, түсіруге тыйым салынған стратегиялық нысандарды видеоға түсірген жағдайлар болды. Сондықтан жаңа заң жобасында жеке тұлғаларға да талаптар қойылады", - деді Қамалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети