01 шілде 2021 11:48

Қазақстанда дүкен сөрелерінен темекі алына бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

1 шілдеден бастап қазақстандық сатушыларға темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салынады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жаңа норма күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 шілдеден бастап қазақстандық сатушыларға темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салынады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жаңа норма күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрон тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынады.

Темекі өнімдері туралы ақпарат дүкендерде көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ қағазда, қара түсті бірдей әріптермен және сатылатын өнім тізімі мен бағасы әліпби бойынша қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай жазылуы тиіс. 

Айта кетейік, Қазақстанда электрон сигареттер, темекі қыздыру жүйелері мен кальяндар әдеттегі сигареттерге теңестірілген.

21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети