07 қыркүйек 2016 13:05

Қазақстанда дүкендердегі сүт өнімдерінен денсаулыққа зиян бактериялар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© centr-molodosti.ru © centr-molodosti.ru

Қазақстан сөрелеріндегі сүт өнімдерінен денсаулыққа зиянды бактериялар табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстан сөрелеріндегі сүт өнімдерінен денсаулыққа зиянды бактериялар табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Зертханалық бақылау нәтижелері бойынша тұтынушының денсаулығы үшін қауіпті алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы тобының бактериялары "Зенченко и К" сүт өнімдерінің (сүт, қаймақ, сары май) және "Кампина" ААҚ сүт өнімдерінің (пастерленген шабдалы шырынды "Хош" йогурт өнімі) үлгілерінен анықталды.

"Промконсервы" ЖШБ ресейлік өндірушісінің "Қоюлатылған сүт" өнімінде микробтар санының мөлшерден көп екендігі дәлелденді.

Стафилококк адам ағзалары мен тіндердегі іріңді қабыну процесстерін, ал ішек таяқшасы тамақ токсикоинфекциясын, оның ішінде асқазан - ішек жолдарының түрлі функцияларының бұзушылықтарын тудыруы мүмкіндігіне әкеледі.

"Ішкі нарықты жалған өнімдерден қорғау жөнінде кешенді шаралар қабылдау мақсатында , техникалық регламенттердің бұзылу фактілері бойынша Комитет сауда кәсіпорындары субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстарын, оның ішінде үйлеспейтін өнім үлгілерін сауда орындарынан алыну туралы тиісті іс-шаралар өткізілуде және 74 келі әйкес келмейтін қауіпті сүт өнімдері жойылды. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және өндірушілерге қауіпті өнімдер мен бұзушылықтарды жою тарапында бірлесе іс шаралар қолдану үшін хабарлама жолданылды", - делінген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жіберген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети