Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілмек: шешім қашан қабылдануы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілмек: шешім қашан қабылдануы мүмкін? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Соңғы шешім статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелері мен бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Соңғы шешім статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелері мен бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкіметте өткен брифинг барысында Әмрин кейбір мәліметтерді нақтылады.

"Біз ең төменгі жалақыны көтеретін боламыз. Оның мөлшері қандай болатынын қазірше белгілеген жоқпыз. Бұл ең төменгі жалақының бюджеттік процеске әсер ететіндігіне байланысты. Бәрі де бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты болады", - деді бірінші вице-министр.

Ол қазіргі уақытта үкімет 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастырумен айналысып жатқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, 1 тамыздан кейін дайын болатын 2025 жылғы соңғы статистикалық мәліметтер мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы 2027 жылғы бюджет кірістері болжамының негізіне алынады.

"Сол кезде бюджеттің ең төменгі жалақыны қаншалықты көтеруге мүмкіндік беретінін нақты түсінетін боламыз", - деді Әмрин.

Сондай-ақ Әмрин бюджеттің кіріс бөлігін бағалау ЕТЖ-ны көтерудің ықтимал параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретінін нақтылады.

Анықтама: Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тиісті мүмкіндіктің қарастырылып жатқаны хабарланған болатын. Азамат Әмрин бұған дейін бұл мәселенің талқыланып жатқанын, бірақ түпкілікті шешім есептеулер мен бюджет мүмкіндігіне байланысты болатынын айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +15
Атырау +21
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +22
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +22
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +18
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер