Қазақстанда еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілуі мүмкін: мерзімі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілуі мүмкін: мерзімі аталды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда қолданыстағы сегіз төлемнің орнына еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда қолданыстағы сегіз төлемнің орнына еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Күні кеше үкіметтегі жобалық кеңсе еңбекақы төлеу қорынан (ЕТҚ) бірыңғай төлем енгізу мәселесін талқылады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин еңбекақы төлеу қорынан төленетін төлемдерді жеңілдету туралы ұсынысын таныстырды. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер салықтар мен әлеуметтік аударымдар бойынша 8 бөлек төлем жасайды. Енді жүйе барлық қор мен салық органдары арасында автоматты түрде бөлетін бір ғана бірыңғай төлемге көшу ұсынылып отыр.

Бастама алдымен жүйенің жұмысын тексеру және қажет болған жағдайда тетікті пысықтау үшін пилоттық режимде сынақтан өткізіледі.

Әмриннің айтуынша, бұл бюрократияны, қолмен атқарылатын жұмыс көлемін және жұмыс берушілер үшін банктік комиссияларды азайтады. Сонымен қатар еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктеме өзгермейді, ал жұмыс берушіге түсетін нақты жүктеме жиі айтылатындай 41 пайыз емес, 17,5 пайызды құрайды.

"Ақыры тиімді тәсіл табылды"

Бүгін үкіметте өткен брифингте Серік Жұманғариннен бірыңғай төлемді енгізу мәселесі қандай кезеңде екені сұралды.

"Бұл мәселені көптен бері талқылап келеміз, ақыры оны шешудің тәсілдерін, осы бірыңғай төлемді қалай ұйымдастыру керектігінің сызбасын таптық. Оның түрлі мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтерінің орасан зор жиынтығымен, оған кіретін көптеген ерекшелік пен рұқсаттармен ауқымды жұмысты талап ететінін бірден айтайын. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы арқасында біз бұл міндетті орындай алатын кезеңге жеттік. Мен осы айдың соңына дейін бұл бағытта қалай әрекет ететініміз туралы (ақпарат – ред. ескертпесі) ұсынуды тапсырдым", - деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер әзірге салық жүктемесін азайту туралы сөз қозғалып отырмағанын атап өтті. Әйтпесе, бұл салықтық жүктеменің орнын бюджет есебінен толтыруға тура келеді.

"Бюджеттің қазір ондай мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне, экономиканың нақты секторын дамыту үшін бюджеттің әлеуметтік бағытын оңтайландырып жатырмыз. Дегенмен, бұл бағыттағы ілгерілеушілік айтарлықтай және тез болады. Таяу болашақта оны (бірыңғай төлемді – ред. ескертпесі) енгіземіз деп ойлаймын", - деді Жұманғарин.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер