Қазақстанда “ескі банкноттарды айырбастау“ схемасы зейнеткерлерді алдауға қайта қолданылып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда “ескі банкноттарды айырбастау“ схемасы зейнеткерлерді алдауға қайта қолданылып жүр Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда алаяқтар "ескі ақшаны жаңасына айырбастау" сылтауын тағы да қолдана бастады. Қарағандыда әлеуметтік қызметкер ретінде танысқан екі әйел келгеннен кейін 94 жастағы зейнеткер бір миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Олар ескі банкноттарды жаңасына ауыстыру сылтауымен пәтерге кіріп, бір миллион теңгені қолды қылған. Күдіктілердің түрі кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қарағанды облыс Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс маусым айының соңында болған. Бейтаныс әйелдер қарияға елде ақша ауыстыру науқаны жүріп жатқанын айтып, қолындағы бар қолма-қол ақшаны көрсетуін сұраған. Алаяқтықтан сезіктенбеген зейнеткер жиған-тергенін сақтап келген жерін көрсеткен.

"Қонақтар" кеткеннен кейін ғана әйел миллион теңгесінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Аталған дерек бойынша "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Алматы қаласының 16 және 42 жастағы тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеу олардың Қарағанды облысы мен еліміздің басқа да өңірлерінде жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, ақшаны "айырбастауға" қатысты оқиғалар полиция мәліметтерінде жиі кездеседі. Соған қарамастан, алаяқтар қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, ескі схеманы қолдануды тоқтатар емес. Бұған дейін де алаяқтар әлеуметтік қызметкерлер, еріктілер және түрлі мекеме мамандары кейпінде зейнеткерлерді алдап, ескі купюраларды жаңасына ауыстыруды немесе қолма-қол ақшаның түпнұсқалығын тексеруді ұсынған болатын.

Соңғы жылдары алаяқтардың құрығына көбіне зейнеткерлер ілініп жатады. Тек маусым айында Алматыда құқық қорғау органдары алаяқтар тобының ұсталғанын хабарлады. Олар өздерін мемлекеттік орган және банк қызметкері ретінде таныстырып, қарт адамдарды жылжымайтын мүліктерін сатуға және ақшаны қаскөйлердің шотына аударуға көндірген. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асты.

2000 теңгелік купюра жарамсыз болды – оны қайда айырбастауға болады

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +17
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +23
П
Павлодар +17
Петропавл +20
С
Семей +16
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +23
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер