09 сәуір 2018 09:39

Қазақстанда ет қымбаттап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© agroinfo.com © agroinfo.com

Қазақстанда ет қымбаттап кетті. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының мәліметінде айтылады. 


Қазақстанда ет қымбаттап кетті. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының мәліметінде айтылады. 

Мамандардың мәліметінше, басқа азық-түлік өнімдерінің жылдық өсімі 5,5 пайызға тең болса, еттің жылдық өсімі 8-10 пайызға дейін көтерілген.

Әсіресе сиыр еті қымбаттаған, 9,9 пайыз, бұл келісі 1481 теңге деген сөз. Қой еті 9 пайызға, яғни келісі 1390,1 теңге. Шошқа еті 8,8 пайыз, келісі 1254,3, ал жылқы еті 8 пайыз, 1619,9 теңге. Тек тауық еті қатты өзгеріске ұшырамаған - 0,4, келісі - 745 теңге. 

Сиыр еті мен қой еті Астанада қымбат - келісіне 1666 және 1720 теңге. Ең қымбат шошқа еті Жезқазғанда сатылады - келісі 1463 теңге. Ал ең қымбат жылқы еті Қарағандыда - келісі 1841 теңге. Атырауда тауық еті қымбат - келісі 890 теңге. 

Сарапшылардың мәліметінше, ет өндірісі қарқын алып келеді екен, 2 айдың ішінде 41 тоннаға жеткен - бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,8 пайызға көп. Ет ең көп өндірілетін өңірлер - Алматы облысы, ШҚО және Ақмола облысы.

Еске салайық, өткен жылдың наурызында осы агенттіктің сарапшылары ҚР азаматтарының ет, балық, жеміс-жидек пен көкөністі азайтып, нан, сүт, сүт өнімдерін көбірек алатын болғанын хабарлаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, 2016 жылы орташа статистикалық қазақстандық алдыңғы жылмен салыстырғанда нан мен нан-тоқаш өнімдерін 1 пайызға көп жеген. Сүт пен сүт өнімдерін бір жыл ішінде 1,2 пайызға, жұмыртқаны, 0,7 пайызға, кортопты 0,5 пайызға көп жейтін болған. Ал майлы тағамдарды 1,9 пайызға көбейткен. Республика тұрғындарының таңдауына экономикалық жағдай мен халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының азаюы, инфляцияның өсуі себеп болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети