31 наурыз 2017 10:05

Қазақстандықтар етті аз жейтін болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AlmatyLife © AlmatyLife

2016 жылы ҚР азаматтары ет, балық, жеміс-жидек пен көкөністі азайтып, нан, сүт, сүт өнімдерін көбірек алатын болған, - деп хабарлайды Ranking.kz. Ел тұрғындары тәтті-пәттіні де азайтқан.


2016 жылы ҚР азаматтары ет, балық, жеміс-жидек пен көкөністі азайтып, нан, сүт, сүт өнімдерін көбірек алатын болған, - деп хабарлайды Ranking.kz. Ел тұрғындары тәтті-пәттіні де азайтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2016 жылы орташа статистикалық қазақстандық алдыңғы жылмен салыстырғанда нан мен нан-тоқаш өнімдерін 1 пайызға көп жеген. Сүт пен сүт өнімдерін бір жыл ішінде 1,2 пайызға, жұмыртқаны, 0,7 пайызға, кортопты 0,5 пайызға көп жейтін болған. Ал майлы тағамдарды 1,9 пайызға көбейткен. 

Алайда ҚР тұрғындарының рационында "салауатты" өнімдер азайған. Бір жыл ішінде ет пен ет өнімдерін 0,6 пайызға, көкөністі 0,5 пайызға азайтқан. Елде бағалардың өскені соншалықты, қазақстандықтар жеміс-жидектерден бас тартуға мәжбүр болған (-4,5 пайыз), балық пен теңіз өнімдерін (-3,7 пайыз) және тәтті-пәттіні (-3 пайыз) азайтқан. 

Республика тұрғындарының таңдауына экономикалық жағдай мен халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының азаюы, инфляцияның өсуі себеп болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети