19 сәуір 2021 10:54

Қазақстанда халқы ең төменгі жалақы алатын өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Сарапшылар халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы көрсетілген статистиканы зерттеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге жетпейтінін анықтады, - деп хабарлайды Ranking.kz.


Сарапшылар халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы көрсетілген статистиканы зерттеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге жетпейтінін анықтады, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2020 жылдың төртінші тоқсанында 125,4 мың теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық.

Нақты мәнде тауарлар мен көрсетілген қызметтер бағасын ескерсе, халықтың табысы 5,2 пайызға өскен.

Өңірлерде жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс 2020 жылдың төртінші тоқсанында Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін құбылғаны байқалады. Бұл ретте нақты мәнде Атырау облысында кірістер екі пайызға азайса, Түркістан облысында 7,4 пайызға артқан.

Жалпы алғанда, республика бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыс көрсеткіші оңтүстік өңірлерде 100 мың теңгеден аспайды. Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары.

Жан басына шаққанда ең жоғары атаулы табыс Атырау облысынан басқа, Нұр-Сұлтанда (192,9 мың теңге) және Алматыда (185 мың теңге) тіркелген. 

Атырау облысынан басқа, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы нақты мәнде Шымкентте (-3,3 пайыз) және Батыс Қазақстан облысында (-5,1 пайыз) азайған.

Биыл ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 122,4 мың теңге болды. Бұл 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11 пайызға артық және 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда тек 0,1 пайызға артқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети