Қазақстанда “инстаграмдағы“ психологтар мен “коучтар“ қолға алынады: Сенат заңды мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда “инстаграмдағы“ психологтар мен “коучтар“ қолға алынады: Сенат заңды мақұлдады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда психологтардың мемлекеттік тізілімі жасалады. Оған енбеген мамандар психологиялық қызметпен айналыса алмайды және өздерін психолог деп атауға құқы болмайды. 25 маусымда Сенатта "Психологиялық қызмет туралы" заң аясында осындай түзетулер мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда психологтардың мемлекеттік тізілімі жасалады. Оған енбеген мамандар психологиялық қызметпен айналыса алмайды және өздерін психолог деп атауға құқы болмайды. 25 маусымда Сенатта "Психологиялық қызмет туралы" заң аясында осындай түзетулер мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл саланы реттеуге не себеп болды?

Құжатты таныстырған сенатор Әсем Рахметова кейбір қазақстандықтардың жалған психологтар мен коучтарға сеніп, соңында алданып қалғанын еске салды.

"Қазіргі таңда кеңес беріп, ақша тауып жүрген жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алдаудың құрбаны болғандар аз емес. Бұл мәселе бойынша маған көптеген шағым түседі. Жауапты органдар осы мәселеге де назар аударуы тиіс", – деді сенатор.

Оның айтуынша, бүгінде қоғамда психологиялық көмектің рөлі артып келеді. Бұл азаматтардың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау, отбасы институтын нығайту, балалар мен жастардың үйлесімді дамуы, сондай-ақ еңбек ұжымдарында салауатты психологиялық ахуал қалыптастыру үшін қажет.

Психологтар үшін не өзгереді?

Заңның негізгі мақсаты - Қазақстандағы психологиялық қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құру, азаматтардың сапалы психологиялық көмек алуын қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау.

Құжат психологтардың кәсіби даярлығына қойылатын талаптарды, олардың біліктілігін растау және арттыру тәртібін, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ психологтар мен көмек алушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

Басты жаңалықтардың бірі - психологтың кәсіби стандартының енгізілуі. Ол мамандардың білім деңгейіне, кәсіби құзыреттілігіне және біліктілігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

Сонымен қатар психологтардың кәсіби этикасының бірыңғай кодексі бекітіледі. Онда құпиялылықты сақтау, кәсіби жауапкершілік пен кәсіби құзыреттілік талаптары бекітіледі.

Психологиялық көмектің сапасын арттыру үшін заңда тек ғылыми негізделген және тексерілген әдістемелерді қолдану қарастырылған. Сондай-ақ мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін супервизия институты енгізіледі.

Тағы бір маңызды норма - психологтардың медициналық қызметпен айналысуына және дәрі-дәрмекпен емдеу курсын тағайындауына тыйым салу.

Бұдан бөлек заңда психологтарды сертификаттау институтын кезең-кезеңімен енгізу қарастырылған. Бұл мамандардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға мүмкіндік береді.

Тізілімге кімдер енеді?

Сондай-ақ психологтардың мемлекеттік тізілімі құрылады. Оған енбеген тұлғаларға психологиялық қызметті жүзеге асыруға және өздерін психолог деп атауға тыйым салынады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында бұл шара азаматтарды сапасыз қызметтерден және кәсіби даярлығы расталмаған мамандардан қорғаудың негізгі кепілдіктерінің бірі болатыны атап өиілді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздегі 43 жоғары оқу орны психологтарды даярлайды. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 17 мыңға жуық студент білім алып жатыр, жыл сайын 4 мыңға жуық маман диплом алады.

Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Тек өткен жылдың өзінде олар 50 мыңға жуық психологиялық кеңес берді.

Психологтарды коучтардан қалай ажыратады?

Заңды талқылау кезінде депутаттар психологиялық көмек жиі коучинг, тәлімгерлік, менторлық немесе эзотерикалық практикалар кейпінде көрсетілетін онлайн-консультациялар нарығына назар аударды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев заңды қолдану кезінде мемлекет мамандықтың атауына емес, көрсетілетін қызметтің мазмұнына баға беретінін түсіндірді.

Оның айтуынша, адамның өзін қалай атайтыны - коуч, ментор, тәлімгер немесе тұлғалық даму маманы - маңызды емес. Егер ол басқа атауды жамылып, іс жүзінде азаматтардың эмоционалдық жағдайына әсер ететін қызметтер көрсетсе, мемлекет мұндай жұмыстың мазмұнын зерттеп, қызмет түрлерін ажыратады және тиісті бақылауды жүзеге асырады.

Тұяқбаев сондай-ақ мемлекеттік тізілімді 2028 жылдан бастап қалыптастыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған дейін мамандарға сертификаттаудан өтіп, жаңа талаптарға дайындалуға мүмкіндік беріледі.

Тізілімге тиісті жоғары білімі, дипломдары мен халықаралық сертификаттары бар мамандар енгізіледі. Тізілім іске қосылғаннан кейін, бірінші вице-министрдің айтуынша, билік бұл саланы біртіндеп реттеуді көздеп отыр.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы маусымның басында Мәжіліс екінші оқылымда "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл құжат Қазақстандағы психологтардың жұмысын алғаш рет кешенді түрде реттейді.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +29
Ақтау +28
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +27
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +25
О
Орал +23
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер