04 тамыз 2021 11:31

Қазақстанда жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда - 33 оқу аптасына, 2-11 сыныптарда - 34 оқу аптасына созылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул мынадай:

  • 1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

БҒМ басшысы бұйрығының толық мәтіні НҚА эталондық бақылау банк сайтында жарияланды.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы мектеп формасына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети