Қазақстанда жаңа салық режимдері пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Бүгін Сенатта жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Орынбеков арнайы салық режимдері (АСР) жүйесін реформалау жөніндегі бастамасын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Сенатта жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Орынбеков арнайы салық режимдері (АСР) жүйесін реформалау жөніндегі бастамасын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсынысқа сәйкес, қазіргі қолданылып жүрген жеті режимнің орнына тек үш режим қалады. Оның біріншісі — өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Бұл режим жылдық табысы 15 миллион теңгеге дейін болған жағдайда 4 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық төлеуді көздейді. Бұл ретте жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді.

Екінші режим — жеңілдетілген декларация негізінде. Ол жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейінгі (2025 жылы 2,36 миллиард теңге) кәсіпкерлерге арналған. Негізгі 4 пайыздық мөлшерлемені сақтау ұсынылады, алайда жергілікті мәслихаттар оны 2-ден 6 пайызға дейінгі аралықта өзгерте алады. Сондай-ақ бұл режимде жұмысшылар санына шектеу қойылмайды.

Үшінші режим шаруа және фермер қожалықтарына қолданылады. Жалпы алғанда, ол қолданыстағы заңнамадағы нормаларды сақтап қалады. Алайда жаңартылған тәсіл аясында бірыңғай жер салығы жеке табыс салығымен алмастырылады.

Бекболат Орынбековтың айтуынша, бұл бастама салық жүйесін оңайлату, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және елдегі өзін-өзі жұмыспен қамту өсімін ынталандыру мақсатында қолға алынып отыр. Ұсынылған өзгерістер жаңа Салық кодексі аясында қаралып жатқан ауқымды салық реформасының бір бөлігі болған.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексі жобасы аясында бизнеске қатысты жоспарланған өзгерістер туралы айтып өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer