11 наурыз 2021 10:00

Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір айда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары 59 пайызға азайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда бір айда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары 59 пайызға азайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпан қорытындысы бойынша мынадай әлемдік трендтер байқалады. Көптеген елде белсенді вакцинация нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келіп жатыр. Жаңа жұқтыру деректерінің саны 2021 жылдың қаңтар ортасындағы мәлімтке сәйкес, 46 пайызға, Қазақстанда - 59 пайызға төмендеді", - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ОПЕК+ елдерінің 2021 жылғы сәуірде мұнай өндірісін шектеуді сақтау туралы қабылдаған шешімі әлемдік тауар нарықтарының конъюнктурасына оң әсер етті. Бүгінгі таңда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 67 доллар тұрады.

"Металл бағасы қалыпқа келді. Жыл басынан бері металл бағасы орташа жеті пайызға өсті. Мыс бағасы - 15,8 пайызға, алюминий - 9,4 пайызға, мырыш - 1,7 пайызға өсті. Жалпы, іскерлік белсенділік эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты дұрысталды", - деді ол.

Еске салайық, наурыздың басында ОПЕК+ елдері сәуірде Қазақстанда мұнай өндірісін 20 мыңға, Ресейде - тәулігіне 130 мың баррельге өсіруге келіскен, ал альянстың барлық қалған елінде өндіріс көлемі өзгеріссіз сақталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети