14 наурыз 2020 10:14

Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустың жаңа оқиғалары тәулік ішінде тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталған жоқ. Ауырғандар саны - 4 адам. Олар дәрігерлерді қатаң бақылауда, карантинде жатыр. Олармен байланысқан азаматтар анықталып, бақылауға алынды", - делінген комитеттің Telegram-дағы арнасында.

Ведомство өкілдері республикада COVID-19 алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жалғасатынын атап өтті.

Еске салайық, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети