16 қараша 2021 17:07

Қазақстанда жастардың бірыңғай жасы белгіленеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жас шамасын анықтау үшін бірыңғай шкала әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жас шамасын анықтау үшін бірыңғай шкала әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жастардың жас шеңберін анықтайтын бірыңғай шкала әзірлеу мәселесі өзекті саналады. Көптеген мемлекетте жастардың жоғарғы жас деңгейі 35 жасқа дейін жетеді. Бұл некенің орташа жасының өсуіне, адамдардың оқуға және біліктілігін арттыруға кететін уақытының ұлғаюына байланысты. Бұл бізге де қатысты", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда бұл мәселе бойынша бірыңғай шешім жоқ.

"Мысалы, бірқатар әлеуметтік бағдарламаларға, ұлттық статистикаға және партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде жастар ретінде 29 жастан аспаған тұлғалар есептеледі, ал президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезінде, жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына 35 жастан аспаған азаматтар қатысады. Осыған байланысты халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеу, сонымен қатар, осы тәжірибені болмысымызбен байланыстыру, дұрыс шешім қабылдау қажет", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети