13 мамыр 2014 12:31

Қазақстанда жасы 80-ді алқымдаған студент диплом қорғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахым Қойлыбаевтың фотосы Рахым Қойлыбаевтың фотосы

Белгілі музыкатанушы, композитор, 78 жастағы Илья Жақанов Атырау мемлекеттік университетіндегі қолданбалы өнер және дизайн кафедрасында өзінің диплом жұмысын ойдағыдай қорғап шықты. Илья аға еліміз бойынша сырттай оқып жүрген студенттердің ішіндегі жасы ең үлкені болып табылады. Бұл туралы "Мұнайлы Астана" порталы хабарлады. Диплом жұмысты қорғау шарасы Ш. Сариев атындағы облыстық өнер мұражайы галереясында өтті.

Илья аға сурет салуға деген оның құмарлығы бала күнінен болғанын айтты. Осыған орай композитордың бала күнгі арманы арада бірнеше ондаған жылдар өткенде орындалды. Осыдан екі жыл бұрын сырттай бөлімге оқуға түссе, ал бүгінде диплом жұмысын ойдағыдай қорғап шықты. "Мен өзімнің әр туындымда Туған жерге, Отанға, Қазақстанға деген махаббатымды білдіруге тырыстым. Ондай еңбектерімді халық біледі. Еліме деген сүйіспеншілігімді мен ара-тұра картиналарда да көрсетіп отырамын", - деді ол.

Илья Жақанов - композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанға еңбегі сіңген қайраткер. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. Кезінде Қазақ КСР Министрлар Кеңесі жанындағы телевизия және радиотарату Мемлекеттік комитеті жүйесінде редактор және Қазақ радиосында музыкалық редактор қызметін атқарған. Оның әндірін бірнеше толқын естіп өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети