21 ақпан 2022 11:56

Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура өліммен аяқталатын жол апатының қай өңірде жиі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура өліммен аяқталатын жол апатының қай өңірде жиі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитетінің мәліметінше, 2021 жылы жол апатының басым бөлігі:

Алматы - 3230;
Алматы облысы - 2248;
Жамбыл облысы - 1290;
Шығыс Қазақстан облысы - 860.

Жол апатынан қаза болғандардың ең көп саны мына өңірде тіркелді:

Алматы облысы - 463;
Түркістан облысы - 319;
Жамбыл облысы - 222;
Қарағанды ​​облысы - 161;
Шығыс Қазақстан облысы - 146.

Комитет Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, 2021 жылы барлығы 13 940 жол апаты болып, соның салдарынан 2 270 адам, оның ішінде 200 бала қаза тапты, 18 096 адам жарақат алғанын айтты.

Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде жол апаты аз болғанымен, өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың саны жылдан-жылға айтарлықтай өскенін атап өткен жөн. 2019 жылы 16 614 жол апаты болды, оның 1 959-ы өліммен аяқталды. 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулер кезінде 13 515 жол апаты тіркелсе, оның 1 700-і өліммен аяқталды. 2021 жылғы 13 940 оқиғаның 1 859-ы өліммен аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети