04 қазан 2022 09:31

Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге арналған қосымша пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге көмектесетін мобильді қосымша іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге көмектесетін мобильді қосымша іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Онлайн платформа автокөлік жүргізушілері мен қызмет көрсету шеберлерін біріктіреді. Алғашында ол жүргізушілер бір-бірінен көмек сұрайтын әлеуметтік алаң болған, кейін бизнес жобаға айналған.

Жоба авторларының бірі – алматылық Бағлан Бауыржанұлы. Бір кездері оның өзі де жолда қалып, көп уақытын көмек іздеуге жұмсаған екен.

"Басқа жүргізушілерден көмек сұрауға тура келді. Уақыт жоғалттық, сондықтан баратын жерге кешігіп қалдық. Бұл менің басыма түсті, содан кейін: "Мен бұл қосымшаны қалай болса да жасаймын" деп шештім. Қолымнан келді. Алты ай бойы осыған көп күш салдым", - деді кәсіпкер.

Жоба курьерлік жеткізуді де, қалалар арасында жүк тасымалдауды да қарастырады. Жоспарларға іздеу қызметтерін енгізу, айыппұлдар мен салықтарды төлеу, сондай-ақ автокөлікті сақтандыру шарттарын жасау кіреді. Ең бастысы, қолданушылар көлік жөндеп, қызмет көрсету арқылы ақша таба алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети