12 қаңтар 2022 09:43

Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады, сондай-ақ, коэффициенттер қайта қаралады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады, сондай-ақ, коэффициенттер қайта қаралады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат 691,9 миллиард теңге. Алынған қаражат Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң тәртіпте жұмсалады. Атап айтқанда, отандық автоөндірушілерге 338,9 миллиард теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төленген қаражат қайтарылды, экологиялық мәселелерді шешуге - 102 миллиард теңге және салыққа - 49,1 миллиард теңге бағытталды", - деді министр Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, қалған 220,6 миллиард теңге екінші деңгейлі банктерде жатыр. Брекешев ведомство жеке мемлекеттік оператор құру мәселесін пысықтайтынын  айтты.

"Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру немесе өнеркәсіпті дамыту қоры базасында, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау, сондай-ақ отандық КО мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер ұсыну бойынша мәселені пысықтайды", - деді Брекешев. 

"ӨКМ Операторы" ЖШС Экологиялық кодекстің 387-бабына сәйкес Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәдеге жарату төлемін әкімшіліктендіру бойынша тапсырма берген еді.

"Кәсіпкерлердің "ӨКМ Операторы" дейтін компанияның қызметіне қатысты сұрағы көп. Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылуына дейін жетті. Үкіметке кәдеге жарату алымын тоқтатуды және кәдеге жарату алымын "ӨКМ Операторы" жүзеге асыруын тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети