05 наурыз 2021 17:56

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған қазақстандықтар саны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған қазақстандықтар саны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК бүгінде 28 мыңнан аса адам вакцинацияның бірінші кезеңінен өткенін хабарлады. Олардың жартысы вакцинаның екінші дозасын салдырып үлгерген.

"Вакцинациялаудың бірінші кезеңінен өткен адамдардың жалпы саны - 28 388. Екінші кезеңде - 14 933 адам", - делінген хабарламада

5 наурыздағы жағдай бойынша 1345 педагог пен 174 полиция қызметкері вакцинацияланды.

Бұған дейін 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені педагогтер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдары қызметкерлері салдыратыны хабарланған еді. Бұл топта вакцинацияланғандар тізіміне 15 мыңнан аса адам тіркелді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген вакцинацияны ескере отырып, жыл ортасына  дейінгі эпидемиологиялық жағдай болжамын жасады. Нақты болжамға сәйкес, жаппай вакцинация, маска тағу режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети