1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды 01 наурыз 2021, 11:02

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері және тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Нұр-Сұлтан Қоғамдық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері және тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметтері бойынша, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін алғашқы 36 медициналық-санитарлық көмек ұйымында вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.

"Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді", - деп толықтырды департамент өкілдері.

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 2126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Өткен демалыс күндері басқарма қоймаларына жеті мыңнан аса доза вакцина жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!