03 қаңтар 2024 09:17

Қазақстанда қанша ер және әйел жүргізуші бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілер туралы статистиканы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілер туралы статистиканы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде Қазақстанда 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлығы 6 миллион 306 мың 523 адам жүргізуші куәлігін алғанын, оның ішінде 1 миллион 569 мың 258-і әйел, одан үш есе көп – 4 миллион 737 мың 265 ер адам екенін хабарлады.

"С" санатындағы әйел жүргізушілер - 104 466, "D" - 864, "Т" - 844.

2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 миллион 216 мың болса, оның 88 пайызы жеңіл, 9,9 пайызы жүк көлігі және 2,1 пайызы автобустар.

Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы қарашадағы мәліметі бойынша Қазақстанда 166,2 мың көлік тіркелген. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге, оның ішінде автобустар – 1,7 есе, жеңіл автомобильдер – 1,5 есе және жүк көліктері – 1,4 есеге өскен.

Қазақстанда әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым – олардың саны жарты миллионға көп (536,3 мың адам).

Пайыздық мәнде ерлер үлесі 48,6 пайыз (9 324 840 адам), әйелдер – 51,4 пайыз (9 861 175 адам) болады. Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 миллионға, әйелдер саны 1,5 миллионға артқан. Мәселен, Қазақстанда әрбір 1000 әйелге 946 ер адам келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети