01 наурыз 2024 09:44

Қазақстанда қанша Наурыз бен Көктем тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Наурыз мерекесі қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі Наурыз, Көктем есімді қанша қазақстандық бар екенін анықтауды жөн көрді.


Наурыз мерекесі қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі Наурыз, Көктем есімді қанша қазақстандық бар екенін анықтауды жөн көрді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз есімді 1472 адам бар, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызгали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль – 61 адам.

Көктем есімді 25 адам бар, ал Коктем - 18 адам.

Қазақстанда Кумыс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген. Қазақстанда Курт есімді бес адам тұрады.

Наурыз түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мерекесі. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети