Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды? 27 наурыз 2023, 12:10

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көліктерді заңдастыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көліктерді заңдастыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанбаев өз сөзінде 2023 жылдың 23 қаңтары мен 26 наурызы аралығында 69 мыңнан аса көлік заңдастырылғанын айтты.

"Оның ішінде автокөліктердің 67 пайызы (46 592) Ресей Федерациясынан, 19 пайызы (13 424) Армениядан, 10 пайызға жуығы (6 788) Қырғызстаннан, 2 пайызға жуығы (1 296) Грузиядан", - деді Сұлтанбаев Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктерді заңдастырудың шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін атап өтті.

"Жоба қоғамдық талқылаудан өтті, қазір оның қорытындысын шығарып жатырмыз, содан кейін жобаны түпкілікті бекітуге мемлекеттік органдарға жолдап, кейін үкіметке жібереміз", - деп қосты комитет төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram