Қазақстанда қаңтарда ҰБТ-ны мерзімінен бұрын тапсыруға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаңтарда ҰБТ-ны мерзімінен бұрын тапсыруға болады © Тұрар Қазанғапов

Талапкерлерде Ұлттық Бірыңғай тестілеуді қаңтарда тапсыру мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктегілердің мәліметінше, қаңтарда өтетін тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестіріледі.

"Қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатындар:

- орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;

- ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, талапкерлер қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады.

Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны - 2242 теңге.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +24
Түркістан +26
О
Орал +19
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер