27 наурыз 2020 17:52

Қазақстанда карантинге оқшаулау тәртібі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда карантинге оқшаулау тәртібі өзгерді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда карантинге оқшаулау тәртібі өзгерді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1Б санатындағы елдерден келгендерді зертханалық тексеріс жүргізу үшін бір тәулікке стационарға оқшаулайды, содан кейін 13 тәулікке үй карантиніне жібереді.

Ережеге мына адамдар бағынбайды: Қазақстанның үкіметтік делегациялары; СІМ шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелері; Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері.

Сондай-ақ, бұл ережеге авиакомпания ұшқыштары және локомотив бригадаларының мүшелері, темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүкті халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ, ЕАЭО елдері мен Өзбекстаннан келгендер бағынбайды.

Үйде оқшаулануға жағдай болмаса, онда жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларға баруға ұсынылады.

Жаңа ереже Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері үшін енгізілді.

Олар белгілі бір елдерден келген болса, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтулері тиіс, ал кейін 14 тәулік үй карантинінде болуы керек.

Сондай-ақ, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және 1А және 1Б санатындағы елдерден келген халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер тұрғылықты (болатын) жері бойынша медициналық бақылаудан қоңырау шалу арқылы өтуі тиіс.

ЕАЭО мен Өзбекстаннан келген адамдардан 14 тәулік үйде оқшаулану сұралды.

Еске салайық, 1А санатындағы елдерден келгендер 14 тәулікке карантинге орналастырылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети