10 сәуір 2014 11:21

Қазақстанда қазақ-түрік лицейлері жабылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қазақ-түрік лицейі. Фото panoramio.com Алматыдағы қазақ-түрік лицейі. Фото panoramio.com

Түркия сыртқы істер министрлігінің жақында айтқан "шетелдегі түрік оқу мекемелерін жабу керек",- деген мәлімдемесіне қарамастан, Қазақстанда қазақ-түрік лицейлері жабылмайды. Бұл туралы "Астана" телеарнасына ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті.


Түркия сыртқы істер министрлігінің жақында айтқан "шетелдегі түрік оқу мекемелерін жабу керек",- деген мәлімдемесіне қарамастан, Қазақстанда қазақ-түрік лицейлері жабылмайды. Бұл туралы "Астана" телеарнасына ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаеваның айтуынша, түрік билігі бұл мектептердің жұмысына әсер ете алмайды.

"Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, өкілетті орган, ол бағдарламалардың әкімшісі облыстық әкімдіктер болып табылады. Сонымен бірге олар Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академия жасаған мемлекеттік оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Және ол Әділет министрлігінде тіркелген. Бүгінгі таңда оларды жабу туралы мәселе қозғалған жоқ", - деді департамент директоры.

Қазіргі таңда республикада 30 қазақ-түрік лицейі ашылған. Олар еліміздің дарынды балаларына арналған мамандандырылған жүз мектептің қатарына жатқызылған. Оларда сегіз мыңнан астам оқушы білім алып отыр. Сондай-ақ онда білім беретін 800 педагогтың 86 пайызы қазақстандық кадр болып табылады.

Түркия БАҚ-тарында жарияланғандай, Түркия СІМ-нің шетелдегі түрік мектептерін жабу керек деген мәлімдемесі сол елдің Үкімет басшысы Тайып Ердоған мен барлық қазақ-түрік лицейлерінің жасырын жетекшісі Фетуллах Гүленнің арасындағы кикілжіңге байланысты жасалған. Шамасы осы арқылы қоғам қайраткерінің премьер-министрдің атына сын таға беруін жөнге келтіргісі келген шығар.

"Шетелдегі түрік мектептерінің мәселесі бүгінгі таңда қажеттіліктен туындап отыр. Бұған шетелдерден Түркияны жаман атқа қалдыратын арыз-шағымдардың келуі себеп болып отыр. Мұның алдында біз ондай мектептерге барынша қолдау білдірдік, тіпті шетелдерге шыққан кезде түрік мектептеріне кіріп шығатынбыз. Қазір шетелдерде жұмыс істейтін азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар басшылары Түркияны қорлауға қатысты хаттар жазып отыр, тіпті өз Отанына қарсылық білдіруде. Енді олардың кімге жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан біз оларға қатысты шара қолдауымыз тиіс", - деді Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети