12 маусым 2023 17:56

Қазақстанда кімдерге мүлік салығы көбейеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа Салық кодексін әзірлеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа Салық кодексін әзірлеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа фискалдық заңнамаға сәйкес үштен аса пәтер мен жер телімі иелеріне салық көбейеді.

"Мәселен, мүлік салығы. Бізде қазір жеке тұлғалардың мүлкіне салық салынады және салық салудың прогрессивті шкаласы бар. Баға неғұрлым қымбат болса, тариф соғұрлым жоғары болады: 0,01-ден 1,5 пайызға дейін. Меншігінде ондаған пәтері бар салық төлеушілер бар. Егер әрбір жеке пәтер сатып алынса, тариф нысанның жеке құнына қолданылады. Айталық, бір бөлмелі пәтер 20 миллион теңге - тариф бір. Егер 10 пәтер болса, бұл 200 миллион теңге шкала жоғары және сәйкесінше тариф әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан, мұндай санаттар үшін мүлік салығы жиынтықта есептеледі деп болжанып отыр. Ол әлдеқайда жоғары болады, салық ұлғаяды", - деді вице-министр Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети