05 наурыз 2016 11:24

Қазақстанда көлік жүргізетін әйелдердің саны артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mineavto.ru © mineavto.ru

Жыл басынан бері 10 мыңнан аса әйел жүргізу куәлігін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ХҚКО" РМК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Жыл басынан бері 10 мыңнан аса әйел жүргізу куәлігін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ХҚКО" РМК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл дегеніңіз жыл басынан бері жүргізу куәлігін алғандардың 30 пайыз үлесі. Бұл кезеңде 36 115 жүргізу куәлігі берілген, олардың 10 776-сы әйелдер. 

"ХҚКО" РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, көлікке мініп жатқандардың саны жыл сайын өсіп келеді. "Мәселен 2014 жылы қаңтар мен ақпан айларында арнайы ХҚКО-лардан жүргізу куәлігін 15 мыңнан аса қазақстандық алған, олардың 4 мыңы әйелдер болған. Ал 2015 жылдың екі айында 27 мың адам алып, оның сегіз мыңы әйелдер еді. Биыл да осы динамиканы бақылап отырмыз", - деп хабарлады Балташева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети