19 қазан 2022 08:34

Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автосарапшылар Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business сілтеме жасап.


Автосарапшылар Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ-тан Қытайға микрочиптерді экспорттауға қойылған шектеулер себеп болуы мүмкін.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдегі ең ірі автоөндірушілер үшін жартылай өткізгіштерді жеткізудегі негізгі мемлекеттер. Енгізілген шектеулер жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Соңғы екі жылда әлемде чип өндірісінің тапшылығы шамамен 10 пайызды құрапты. Ал мұндай көрсеткіштермен көлік бағасы шамамен 15-25 пайызға қымбаттайды.

Дегенмен, сарапшылар автокөлік бағасының өсуі ұзаққа бармайтынын, шектеулер аясында бағаның күрт өсуі спекуляциялық мақсатта болатынын айтады.

"Бағаның өсуі жалғасады. Осыны пайдаланып спекуляциялық әрекеттер болады, қысқа мерзімді өсім болады, бірақ бұл тыйым салумен тікелей байланысты емес. Бағаның өсуі бұрыннан бері келе жатыр. Ұзақ уақыт бойы біз одан арыла алмаймыз. Ол кем дегенде алты ай жалғасады. Барлығы қымбаттайды", - деді автосарапшы Павел Федотов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети