03 қараша 2021 16:07

Қазақстанда колониялар салынады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда төрт жаңа колония салуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда төрт жаңа колония салуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа колониялар салу бойынша үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жыл ішінде біз үш облыста бір жарым мың орындық жаңа типтегі төрт колония салуды жоспарлап отырмыз", - деді министр Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жаңа колонияларда жұртшылық пен халықаралық ұйымдар талап ететін барлық нормалар сақталатын болады.

Бұған дейін министр Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам қамауда отырғанын, оның ішінде 30 мың сотталушыға үкім шығарылғанын, 4 мыңы қамауға алынып, тергеу жүріп жатқанын айтқан. Оның 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, 45 пайызға жуығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети