25 мамыр 2021 10:01

Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Цой. Фото: petropavltv.kz Алексей Цой. Фото: petropavltv.kz

Қазақстан өңірлерінде инфекциялық және реанимациялық стационарларда бос төсек-орын саны көбейді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан өңірлерінде инфекциялық және реанимациялық стационарларда бос төсек-орын саны көбейді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы аптада анықталған коронавирус жағдайының саны сәуірдің соңы мен мамырдың басындағы апталық көрсеткішпен салыстырғанда төрт мыңға азайды. Жалпы соңғы айда жұқтыру дерегі 20 пайызға төмендеді", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Цойдың мәліметіне сүйенсек, 25 мамырдағы жағдай бойынша өңірлерде инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 33 пайыз (12 452 төсек) және мамырдың басымен салыстырғанда сегіз пайызға төмендеген. Биыл мамырдың басымен салыстырғанда реанимациялық төсек-орындарды қамту екі пайызға төмендеген.

"Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда оң динамика байқалады, мамырдың басымен салыстырғанда төсек-орынның қамтылу үлес салмағы 60-тан 47 пайызға дейін төмендеді. Алматыда - 57-ден 35 пайызға дейін, Алматы облысында - 56-дан 36 пайызға дейін.

15 мамырдағы жағдай бойынша емделіп жатқан науқастар саны 38 мыңнан 25 мамырда 32 мың адамға дейін азайғаны байқалады, оның ішінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастар саны 14 мыңнан 12 мыңға дейін, амбулаториялық ем қабылдап жатқандар 24,5 мыңнан 20 мыңға дейін төмендеді", - деп толықтырды Цой.

Министрдің айтуынша, ауруханаларда емделіп жатқандар қатары да сиреген, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырып жазылғандар саны жұқтырғандардың күнделікті көрсеткішінен жоғары, бұл да жағдайдың оңалғанын көрсетіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети