14 шілде 2021 08:32

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 13 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 13 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 375 жағдайы тіркелді. Бұл - антирекорд. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 466 792-ге жетті.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында - 1128,
  •  Алматы қаласында - 640,
  •  Шымкент қаласында - 342,
  •  Ақмола облысында - 148,
  •  Ақтөбе облысында - 137,
  • Алматы облысында - 134,
  •  Атырау облысында - 320,
  •  Шығыс Қазақстан облысында - 52,
  •  Жамбыл облысында - 58,
  •  Батыс Қазақстан облысында - 187,
  •  Қарағанды облысында - 589,
  •  Қостанай облысында - 98,
  •  Қызылорда облысында - 70,
  •  Маңғыстау облысында - 180,
  •  Павлодар облысында - 143,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында - 73,
  •  Түркістан облысында - 76.

Сондай-ақ, 14 шілдедегі мәлімет бойынша 45 282 адам коронавирус инфекциясынан (43 795 КВИ+ және 1 487 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 14 698 пациент стационарда,
  • 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 880 адамның жағдайы ауыр,
  • 198 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 960 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 1132,
  • Алматы қаласында - 445,
  • Шымкент қаласында - 125,
  • Ақмола облысында - 48,
  • Ақтөбе облысында - 49,
  • Алматы облысында - 58,
  • Атырау облысында - 98,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 77,
  • Жамбыл облысында – 36,
  • Батыс Қазақстан облысында - 216,
  • Қарағанды облысында - 451,
  • Қостанай облысында - 43,
  • Қызылорда облысында - 18,
  • Маңғыстау облысында - 10,
  • Павлодар облысында - 103,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 20,
  • Түркістан облысында - 31.

Елімізде барлығы 418 228 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Екпеге келсек, ВАК мәліметінше, 2021 жылғы 13 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 601 830 адам, 2-ші компонентін 2 541 853 адам салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети