27 шілде 2022 16:11

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар статистикасы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Денсаулық сақтау министрлігі айлар бойынша Қазақстандағы коронавирусқа қатысты өлім-жітім статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі айлар бойынша Қазақстандағы коронавирусқа қатысты өлім-жітім статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Денсаулық сақтау министрлігі неге COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы күнделікті статистика беруді тоқтатқаны туралы сұрады.

"Ол статистика бар. Кейінгі алты айда елде коронавирустан 785 адам қайтыс болды. Көбі қаңтар-ақпанда, жүктеме көп болған кезде қайтыс болды. Қаңтарда - 311 адам, ақпанда - 411, наурызда - 54 адам, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда - 1, шілдеде - 2 адам қайтыс болды", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Вице-министр және бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова елде жеңіл түрде өтетін омикрон штамы басым екенін атап өтті.

"Маусымнан бастап коронавирустан өлім жағдайлары аз тіркелді, сондықтан күнделікті, жоқ статистиканы берудің қажеті болмады", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети