04 тамыз 2020 09:17

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын қанша ПТР-тест қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

2 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19-ды анықтайтын 239 646 ПТР-тест қалған, бұл алдағы екі аптаға жетеді. Бұл мәліметтерді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігіне үкіметтен қосымша 1 200 000 тест алуға қаржы бөлінген. 1 020 000 зертхана жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығында" өтсе, 180 мыңы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығында" өтеді. 

"Сонымен қатар, биыл маусымда 225 600 тст жеткізілген. Одан бөлек, 554 000 тест сатып алу үшін жеткізушімен келісім шарт жасалған. Келісім бойынша, тест алдағы 1-2 аптада келеді. Ұлттық сараптама орталығы азаматтарды тестілеу үшін қосымша мемлекеттік және жеке зертхана бөлді", - дейді ведомство өкілдері.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети