Қазақстанда Меккеге тікелей рейс ашылуы мүмкін

15 Шілде 2015, 11:45
0
© ale248453.narod.ru
© ale248453.narod.ru

Қазақстанда Меккеге тікелей рейс ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, әуе компаниялары бұл ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін мәлімдеген. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Бұған дейін қажылық парызын өтеуші жерлестеріміз Жидда қаласына Түркия, Әбу Даби арқылы жететін. Сонымен қатар әуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтетін", - дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді. 

 

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай