Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға қатысты пікірлер айтылды

19 Қазан 2016, 12:11
5
© Instagram
© Instagram

ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер мектептерде хиджаб киюге тыйым салатындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәселе жайлы мектептердегі бірыңғай формаға қатысты ережелерді талқылау барысында айтылды. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты Әділет министрлігінің және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері пікір білдірді.

"Діни мазмұндағы дүниелерді, киімдерді, бас киімдерді (хиджаб, бөрікшелер) киюге рұқсат жоқ және болған да емес", - деді БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева брифинг кезінде.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ҚР Әділет министрлігінің ақпаратында былай делінген: мектептерде белгілі бір дінді насихаттауға жол жоқ.

"Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №26 бұйрыққа сәйкес, мектептерде бірыңғай форма жүйесін енгізген болатын. Соған орай мемлекеттік білім беру мекемелерінде заңға сәйкес белгіленген ережелерді сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Ережеге сәйкес, мектеп формасына пенжек, жакет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті сабаққа киюге арналған жейде, белдемше және классикалық жейде жатады (ал қыста тоқылған көкірекше, сарафан киюге болады).

"Бекітілген бірыңғай мектеп формасы жайлы заң барлық ұлт өкілдеріне қатысты. Білім беру мекемелерінің әкімшілігі оқушылардан бірыңғай мектеп формасын киюді талап ете алады", - делінген БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз релизінде.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық оқушылардың ата-аналары кейбір мекемелерде бірыңғай мектеп формасындағы ереже бұзушылықтарға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай