Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі қысқарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді, ол конкурстарды өткізу мерзімін айтарлықтай қысқартып, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді, ол конкурстарды өткізу мерзімін айтарлықтай қысқартып, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді конкурс жарияланғаннан бастап жұмыс басталғанға дейін небәрі 10 жұмыс күні өтеді.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.

"Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың қымбаттауындағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады", - делінген хабарламада.

Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.

"Рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып өткізілетін конкурс (сатып алудың автоматтандырылған тәсілін, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған балдар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі".

  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды.
  • Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1 пайыздан 2 пайызға дейін ұлғайтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer