15 қыркүйек 2023 11:23

Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 64 жағдай тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда менингококк инфекциясына күдікті 64 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.


Қазақстанда менингококк инфекциясына күдікті 64 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Мониторинг деректері бойынша, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда сегіз жағдайға артық. Пациенттердің 37 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, ал 19 пайызы бір жасқа дейінгі сәбилер.

Инфекцияны ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті бактерия . Дәрігерлер алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтап, адам көп жиналатын жерден аулақ болып, құрамында витамині бар тағам жеп, сондай-ақ тамақ өнімдерін тұтынар алдында мұқият жууды ұсынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Ғазиз Надуевтің айтуынша, Қазақстанда әрбір 10 сау адам менингококк қоздырғышының тасымалдаушысы.

"Бүгін бізде зертханада расталған 18 жағдай бар. 12 жағдай клиникалық белгілерге сәйкес қойылды. Бұл балалар ем алды. Бізде әрбір сау 10 адам менингококк қоздырғышының тасымалдаушысы. Сондықтан біз үшін ең бастысы алдын алу шаралары мен жеке гигиенаны сақтау. Жалпы, менингококк инфекциясының маусымы қыс пен көктем мезгілі. Бүгін өңірлер бойынша бұл аурудың күрт өсуін байқалмады", - деді Надуев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети