11 қараша 2021 13:23

Қазақстанда мүлікті банкке кепілге беру туралы заңнаманы жетілдіру ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаттары екінші деңгейлі банктер мен жеке сот орындаушылары қызметін реттеуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары екінші деңгейлі банктер мен жеке сот орындаушылары қызметін реттеуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаторлар Асқар Шәкіров, Владимир Волков және Ләззат Сүлеймен премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады. Шенеуніктер Алматы қаласында үйден отбасын шығаруға қатысты жантүршігерлік оқиға туралы айтып, оның салдарынан адам шығыны болғанын еске салды.

Депутаттардың айтуынша, жүргізген талдау кепілмен сауда жасау сыбайлас жемқорлықтың ұясы екенін көрсеткен. Бұл банктер мен жеке сот орындаушыларына борышкерлердің жылжымайтын мүлкін аукцион арқылы арзандатылған бағамен, кейде шектеусіз мөлшерде сатып алуға мүмкіндік береді.

"Бір адамның бірнеше пәтерді сатып алу дерегі тіркелді. 2021 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында әкімшілік органдарға 7 мыңнан аса іс келіп түскен. Оның ішінде 2338 талап-арыз – жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану. Азаматтардың шағымдары қолданыстағы заңнаманың ЖСО нормаларын, борышкердің мүлкіне тыйым салу кезінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын бұзудан, сондай-ақ ХҚКО қызметіндегі ашықтық пен осы саладағы тиісті мемлекеттік бақылаудың жоқтығынан", - деді сенаторлар Сенат отырысында.

Осыған қарай, сенаторлар кредиторлар мен борышкерлердің мүдделерін қорғау үшін заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

Тұрғындардың жалғыз тұрғын үйін өндіріп алуға тыйым салу белгіленсін, тиісті нормативтік құқықтық актілерге банктердің қарыз алушылардың кепілге салынған мүлкін сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуын болдырмайтын норманы енгізсін.

"Қарыз алушы қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін келісімшарт талаптарын орындамаған жағдайда банктік несие бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды, қарыз алушының қарастырылмаған мүлкін банктердің өндіріп алуына тыйым салуды белгілеуді және банктік қарыз шарты бойынша және жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз", - деді сенаторлар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети