19 тамыз 2022 12:23

Қазақстанда оқу жылы 2 аптаға ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалысы бекітілді. Бұйрыққа 12 тамызда оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалысы бекітілді. Бұйрыққа 12 тамызда оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меншік нысанына және ведомствоға бағынуына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылы 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныпта 35 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылындағы демалыстар:

  • күзгі - 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасына дейін);
  • қысқы - 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін);
  • көктемгі - 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы арасында);
  • бірінші сыныпта қосымша демалыс - 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны арасында).

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети