24 маусым 2019 13:34

Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңге болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ugranow.ru © ugranow.ru

Қазақстанда 2 миллион адамның базалық зейнетақысы 80 пайызға өсті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беруі кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда 2 миллион адамның базалық зейнетақысы 80 пайызға өсті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беруі кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Былтыр базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде, он жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 миллионнан астам адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80 пайызға өсті", - деді министр.

Оның мәліметінше, биыл 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңге, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ортақ және базалық) 85 785 теңге болды. 

Былтыр зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Бұрын төлем тағайындау үшін төрт өтініш тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға бір ғана өтініш бересің, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы азық-түліктік емес бөлігінің үлесін 40 пайыздан 45 пайызға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды. Нәтижесінде 3 миллион қазақстандық үшін әлеуметтік төлемдер 16 пайызға дейін өсті.  

2018 жылы 6,1 миллионнан астам жұмыс істейтін адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Елбасының еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" жаңа заң жобасы әзірленді, оны Мәжілістегілер қарап жатыр. 

"2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30 пайызға артады", - деп қортындылады ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети