23 маусым 2022 09:24

Қазақстанда Парламент палаталары бірлескен отырысқа жиналады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Еске салайық, кейінгі бірлескен отырыс 20 маусымда өткен. Онда Парламент Үкіметпен бірлесіп, республикалық бюджетке түзетулерді талқылап, қабылдады.

Қазақстан Парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын еліміздің ең жоғары өкілді органы. Ол екі палатадан - Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети