10 қаңтар 2021 08:31

Қазақстанда Парламент сайлауы қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Tengrinews.kz редакциясы процесті бақылап, ең маңызды және қызық жаңалықтарды бөлісіп отырады. 


10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Tengrinews.kz редакциясы процесті бақылап, ең маңызды және қызық жаңалықтарды бөлісіп отырады. 

Дауыс беру Қазақстан аумағында сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің алдын-ала нәтижесін сағат 22.00-де жариялайды. Түн ортасынан кейін экзитпол мәліметтері жария болады. Қорытынды нәтижелер 17 қаңтарға дейін шығарылады. 

  • 10 қаңтар 2021 07:21

    Қайырлы таң! Бұл әйел Алматыда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол біздің тілшімізге Оқушылар сарайына (377-учаске) жолай соққанын, тауға кетіп бара жатқанын айтты.

  • 10 қаңтар 2021 07:25

    Изоляторларда да дауыс береді. ҚАЖК парламенттік сайлауға тергеу изоляторларында отырған 5 мыңнан аса қазақстандық қатысатынын мәлімдеді. Заң бойынша, тергеу изоляторларында отырған, үкімі заңды күшіне енбеген кәмелетке толған азаматтар жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие болады. 16 изоляторда жабық сайлау учаскесі бар.

  • 10 қаңтар 2021 07:29

    Қазір Қазақстаннан шетелге кеткен адамдар үшін ақпарат дайындадық. Шетелдегі қазақстандықтар қайда дауыс береді?

  • 10 қаңтар 2021 07:35

    ОСК мәліметтері: Дауыс беру 12 өңірде басталды. 8141 сайлау учаскесі ашылды. Сондай-ақ, 12 шет мемлекетте Қазақстан өкілдіктері жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды.

  • 10 қаңтар 2021 07:36

    Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері мынадай.

  • 10 қаңтар 2021 07:55

    Премьер-министр Асқар Мамин "Астана" концерт залы ғимаратындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 07:59

    СІМ хабарлағандай, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Бангкок, Ұлан-Батор қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

  • 10 қаңтар 2021 08:09

    Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыров Нұрсұлтан қаласындағы 113-ші сайлау учаскесінде дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 08:29

    Еліміздің барлық жерінде сайлау учаскелері ашылды. Оған дейін сайлау учаскелері Қазақстанның Жапония мен Оңтүстік Кореядағы елшіліктері жанынан ашылған.
    Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, парламенттік сайлауда бірінші болып дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Коре университетінің студенті Аделина Алпамыс болды.

  • 10 қаңтар 2021 08:39

    Еске салайық. Мәжіліс сайлауына бес саяси партия түсіп жатыр, олардың қатарынан 312 кандидат ұсынылған. Жеребеден кейін партиялардың бюллетендегі атауы мынадай тәртіпте жазылды:

    Қазақстан халық партиясы - бірінші. Партиялық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз.

    Nur Otan партиясы - екініші, бағдарламасымен мына жерде танысуға болады.

    "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - үшінші, сайлауалды бағдарламасын мына жерден таба аласыз.

    "Ақ жол" демократиялық партиясы - төртінші; сайлауалды бағдарламасы партияның ресми сайтында жарияланды.

    Adal саяси партиясы - бесінші, олардың бағдарламасы ресми сайтында жарияланған.

  • 10 қаңтар 2021 08:41

    Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс берді. Даусын №102 гимназия мектебіндегі №42 учаскесінде берді.

    Облыста 778 сайлау учаскесі бар, 920,4 мың сайлаушы тіркелген.

  • 10 қаңтар 2021 08:44

    Елорда уақытымен сағат 8:00-де елдегі барлық 9994 сайлау учаскесі және Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Шетелдегі 49 сайлау учаскесінде уақыт белдеуінің айырмашылығына байланысты дауыс беру кейін басталады. Сайлаушылар тізіміне 11 915 903 сайлаушы енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

  • 10 қаңтар 2021 08:51

    Бішкек, Ташкент, Ашхабад пен Душанбеде сайлау учаскелері ашылды. Бұл туралы СІМ хабарлады.

  • 10 қаңтар 2021 09:02

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желілерде сайлау учаскесінен түскен суретін жариялады.

    "Азаматтық борышымды өтедім. Елдің болашағы үшін дауыс бердім", - деп жазды ол.

  • 10 қаңтар 2021 09:11

    "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 09:12

    Бұл - Қарағанды ​​қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының 97 жастағы ардагері Бүркіт Есжанов. Сайлау учаскесіне таңғы жетіде жарымен келген.

  • 10 қаңтар 2021 09:15

    Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев дауыс берді. Ол маскасын түсіріп, бюллетень алу үшін жеке куәлігін көрсетті.


    Фото Tengrinews.kz

  • 10 қаңтар 2021 09:41

    Ал Шымкентте бірінші болып Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің сарбаздары дауыс берді. Бұл сайлау учаскесі сағат 6.00-де ашылды. Мұнда тізімде 821 сайлаушы бар, олардың 40 пайызы - өмірінде алғаш рет дауыс беретіндер. Бұл 18 жастағы сарбаздар әскерге алты ай бұрын келген.

  • 10 қаңтар 2021 09:44

    Елордада бюллетеньдер осындай. Қызыл түстісі - қала мәслихатына сайлау үшін, көк - Мәжіліске дауыс беру үшін. Үстелдерде қолғап пен антисептик тұр.

  • 10 қаңтар 2021 09:54

    Instagram-парақшаларда сайлау учаскесіндегі жас жұбайлардың суреттері жарияланды. Үйленіп, дауыс берген бе? Әлде дауыс беріп, үйленген бе?

  • 10 қаңтар 2021 10:02

    Елорда әкімі Мәжіліс пен Мәслихат сайлауында дауыс берді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алтай Көлгінов таңғы сағат 7.30-да Қазақ ұлттық өнер университетіндегі № 329 сайлау учаскесінде дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 10:04

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 10:10

    Өскеменде дауыс беруге ниет білдірушілер сайлау учаскелері ашылмай тұрып келген. Мұның себебін тұрғындардың бірі Айдар Молғажаров айтып берді. "Бұл мен үшін маңызды. Таңертең жағымды көңіл-күймен қуат алғым келеді", - деді ол.


    Фото Tengrinews.kz

  • 10 қаңтар 2021 10:11

    Бакуде (Әзербайжан), Ереванда (Армения) және Тбилисиде (Грузия) сайлау учаскелері ашылды.


    Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі

  • 10 қаңтар 2021 10:14

    Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 10:22

    БҚО тұрғындары сайлауға ауа райының қолайсыздығына қарамай барып жатыр: мұнда қарлы боран мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған. Оралда қатты жел тұрды, жаңбыр аралас қар жауып жатыр. Бірақ бұл мұндай ауа райы сайлауға кедергі бола алмайды: БҚО-да 505 сайлау учаскесі ашық, оның 123-і - Оралда. Айтпақшы, бүгінде қалада автобустар тегін.


    Фото Tengrinews.kz

  • 10 қаңтар 2021 10:24

    ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов елордада дауыс берді. 
    Видео Qazaqstan телеарнасынан алынды

  • 10 қаңтар 2021 10:29

    Желіде суреттері тараған жас жұбайлар - қарағандылық Нұрболат пен Қарлығаш. 

    Жігіт өртке қарсы қызметте жұмыс істейді. Оның жары үй шаруасымен айналысады.

    Келіншектің айтуынша, ол сайлау учаскесіне той көйлегімен бару үшін таңғы алтыда тұрған.

  • 10 қаңтар 2021 10:31

    Тағы бір жас жұбайлар. Бұл жолы Нұр-Сұлтанда. Фахат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева. 

  • 10 қаңтар 2021 10:32
  • 10 қаңтар 2021 10:53

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы сайлау учаскесінде дауыс берді.


    Фото Tengrinews.kz

  • 10 қаңтар 2021 10:57

    ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали сайлауда дауыс берді. 

  • 10 қаңтар 2021 11:02

    Өскеменде 100 жастағы Хауа Бұланбаева сайлауда дауыс берді.
    Дауыс беру оның үйінде ұйымдастырылып, бюллетень тұрғылықты жеріне жеткізілді, - деп хабарлайды oskemen24.

  • 10 қаңтар 2021 11:13

    Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар Сеулдегі елшілікте ғана дауыс бере алады. Мұнда сайлау ұйымдастыру қиынға соқты, - деп хабарлайды "Хабар 24". Себебі елде коронавирустың үшінші толқынына байланысты төрт немесе одан да көп адам жиналуға тыйым салынады.

  • 10 қаңтар 2021 11:23

    Елбасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді. 

  • 10 қаңтар 2021 11:28

    Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жарымен. Олар Атырауда дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 11:31

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 11:32

    БҚО әкімі Ғали Есқалиев Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде дауыс берді. Ол сайлау учаскесіне жарымен бірге келді.

  • 10 қаңтар 2021 11:38

    Назарбаев дауыс бергеннен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады.

    "Бізде бүкіл елге маңызды саяси іс-шара өтіп жатыр... Бұл келіп, дауыс беріп, кетіп қалу секілді жай механикалық іс-шара емес. Бұл әр азаматтың конституциялық міндеттерін саналы түрде орындауы".

  • 10 қаңтар 2021 11:41

    ІІМ сайлау учаскелерінде не болып жатқанын айтып, есеп берді. Министр орынбасарының айтуынша, сайлау учаскелерінде бәрі тыныш, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелмеген.

  • 10 қаңтар 2021 11:44

    Сайлауға Таяу Шығыстағы қазақстандықтар қатысып жатыр: Әбу-Даби, Дубай, Эр-Рияд, Джидда, Маскат және Дохадағы сайлау учаскелері ашылды.

    Сондай-ақ, Тегерандағы сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдап жатыр.


    Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі

  • 10 қаңтар 2021 12:17

    Қостанайда да ауа райы қолайсыз: бұрқасын қар жауып жатыр. Осыған қарамастан, адамдар дауыс беруге барып жатыр. Ең белсенді сайлаушылар - зейнеткерлер мен орта жастағы азаматтар.

  • 10 қаңтар 2021 12:18

    Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы сайлау учаскелері сайлаушыларға есігін ашты.


    Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі

  • 10 қаңтар 2021 12:19

    Сайлауға халықтың 28,8 пайызы келді

  • 10 қаңтар 2021 12:19

    Әскери қызметшілер қарулы күштер бөлімшелерінде құрылған барлық 19 сайлау учаскелерінде дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл учаскелер бір сағат бұрын ашылды - бұған заңмен рұқсат етілген, дейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 10 қаңтар 2021 12:27

    Қазнетте Алматы облысындағы сайлау учаскелерінің бірінде түсірілген көшедегі дәретхананың суреті талқыланып жатыр.

    Талғар ауданының әкімдігі бұл дәретхананың көптен бері жұмыс істемейтінін айтып, қазіргі дәретхананың суретін жіберді. Олар жылы және барлық жағдай жасалғанын айтады.

  • 10 қаңтар 2021 12:34

    Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова дауыс берді. 

  • 10 қаңтар 2021 12:47

    "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев дауыс беріп, бірқатар аймақта партияның кейбір бақылаушысына "кедергі жасалып жатқанын" айтты. Бірақ ол "бұл мәселелер қалыпты түрде шешіледі" деп санайды.

    "Мен бұл сайлау әділ және ашық өтеді деп үміттенемін. Дауыстар шынайы саналады деп үміттенемін, бірақ мәселе тек үмітте ғана емес, сонымен бірге біздің қатысуымызда. Шетте отыру және жағадан бақылау - бұл бір нәрсе, бірақ біз процестің тікелей қатысушылары ретінде сайлау өз деңгейінде өтуі үшін өз күшімізді салуға міндеттіміз".

  • 10 қаңтар 2021 12:49

    Алматылықтар бірнеше сағат бойы байланыстағы ақауға шағымданып жатыр. Қалада Интернет жоқ, ал Республика алаңында ол мүлдем жоғалып кеткенін айтады. "Қазақтелеком" туындаған мәселелерді жоққа шығарып отыр. Әкімдік әзірше үнсіз.


    Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

  • 10 қаңтар 2021 12:50

    Ал Қарағандыда сайлауға аюлар келген.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

  • 10 қаңтар 2021 13:03

    Өңірлерде әкімдер дауыс беріп жатыр. Гүлшара Әбдіқалықова (Қызылорда облысы) мен Өмірзақ Шөкеев (Түркістан облысы) өз даусын берді.

  • 10 қаңтар 2021 13:37
  • 10 қаңтар 2021 13:38

    Алматыда 109 мыңнан аса адам дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 13:40

    Алматыда Кеңес және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Лаки Кесоглу дауыс берді.


    Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

  • 10 қаңтар 2021 13:50

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Таразда дауыс берді. "Әр адамның даусы маңызды және елдің қай бағытта қозғалатынына соған байланысты", - деді ол.


    Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

  • 10 қаңтар 2021 14:00

    Қызылорда облысында 102 жастағы Бәти Аманбаева сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Әже жеті бала, 25 немере және 14 шөбере тәрбиелеген.


    Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

  • 10 қаңтар 2021 14:11

    Жылқы өсірушілер одағы сайлауға атпен келді.

  • 10 қаңтар 2021 14:28

    Бас прокуратура Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде камералардың неліктен жабылғанын айтты.

    Мұның бәрі дауыс беруді құпия қалдыру үшін.

  • 10 қаңтар 2021 14:29

    Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді. Анасы сәбиінің дүниеге келу қуанышын Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаумен байланыстыруды шешкен.

  • 10 қаңтар 2021 14:39

    Халықтың 43-тен аса пайызы дауыс берген. 

  • 10 қаңтар 2021 14:40

    Сайлауға ең көп келгендер Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді - 58,2 пайыз.
    Ең төмені Алматыда - 21,9 пайыз.

  • 10 қаңтар 2021 15:14

    Ал Қостанай облысындағы сайлау учаскелеріне "Гринч" пен "Босс-молокосос" анимациялық кейіпкерлері келді.

  • 10 қаңтар 2021 15:19

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда өз даусын берді. Аймақ басшысы халықтың сайлауға көптеп келуі қазақстандық қоғамның ұйымшылдығын, адамдардың өз тағдырын таңдауға қатысуға деген ұмтылысын білдіретінін баса айтты.


    Фото: ШҚО ақпарат орталығы 

  • 10 қаңтар 2021 16:22

    16:00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берген

  • 10 қаңтар 2021 17:13

    Алматыдағы Жетісу ауданында 100 жастан асқан және осы жасқа жақындаған тұрғандар бар. Арнайы комиссия әжелердің тұрғылықты жеріне қажетті бюллетеньдерді алып барды. 

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от @zhetysu_audany_ask

  • 10 қаңтар 2021 17:30

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс беруге кезекте тұр. Ол елорданың Ұлттық академиялық кітапханасындағы учаскеде дауыс берді.

  • 10 қаңтар 2021 17:30

    Мәулен Әшімбаевтың сайлау туралы пікірі

  • 10 қаңтар 2021 18:21

    18:00-дегі жағдай. ОСК мәліметтері бойынша, Алматыдағы сайлаушылар белсенді емес, тек 27,7 пайызы дауыс берген.

  • 10 қаңтар 2021 19:01

    Бүгін "Гринч", "Босс-молокосос" анимациялық кейіпкерлері мен басын көк түске бояған блогер дауыс беруге келді. Instagram-парақшамызда соларды жинап шықтық.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

  • 10 қаңтар 2021 19:26

    Қазақстандықтар Солтүстік Америкада да дауыс беріп жатыр. Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада сайлау учаскелері ашылды.

  • 10 қаңтар 2021 19:42

    СІМ хабарлауынша, парламенттік сайлауға шетелден Қазақстанның 4532 азаматы дауыс берді.

    Бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берген. 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07.00-де Канада мен АҚШ-тағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды.

  • 10 қаңтар 2021 20:02

    Елдің көп бөлігінде сайлау аяқталды. Қазақстан батысында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері тағы бір сағат жұмыс істейді.

  • 10 қаңтар 2021 20:23

    ОСК мәліметінше, 20.00-дегі жағдай бойынша халықтың 63,1 пайызы дауыс берген.
    Сайлаушылар ең аз келген жер - Алматы.
    Дауыс бергендер саны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.  

  • 10 қаңтар 2021 20:38

    ІІМ сайлауда тәртіпті қамтамасыз ету бойынша брифинг өткізіп жатыр. Түрлі қалада әртүрлі құқық бұзушылық үшін 10 бақылаушы сайлау учаскелерінен шығарылғаны хабарланды.

  • 10 қаңтар 2021 20:55
    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от TengriTV (@tengritv)

  • 10 қаңтар 2021 21:26

    Онлайн-трансляциямызды аяқтаймыз. Бізбен болғаныңызға рақмет. 22.00-ден кейін сайлауға барғандардың алдын-ала нәтижесі жарияланады (бұл туралы бөлек жазамыз). Түн ортасынан кейін exit poll мәліметтері айтылатын брифинг басталады, біздің YouTube-каналымызда видео-трансляция өтеді.

    Сау болыңыздар!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети